Қ. Тоқаев Ұлттық спорт қауымдастығының президентін қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаевқа былтыр атқарылған жұмыстардың қорытындысы мен алдағы кезеңге арналған жоспары туралы мәлімет берілді.
Исламбек Салжановтың айтуынша, бірқатар ұлттық спорт түрлерінің федерациялары қауымдастық аясына біріктірілген. Сонымен қатар саланың дамуына сараптама жасалып, жеке-жеке респубикалық федерациялармен институционалдық тұрғыда жұмыс жүргізіле бастаған. Ал 2024 жылы V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін былтыр қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы бірауыздан қолдады. Осы ретте Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде өтетін ауқымды шараны сапалы әрі жоғары деңгейде ұйымдастыру жөнінде нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысының айтуынша, V-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары ұлттық спорт шараларымен шектелмеуі керек. Аталған халықаралық спорт сайысы қолөнер, туризм, қызмет көрсету саласы сияқты шағын және орта бизнес өкілдері үшін де тиімді ұйымдастырылып, кәсіптерін ілгерлетуге жағдай жасалуы қажет. Сонымен қатар мемлекет басшысы ұлттық спорт түрлерінің даму тұжырымдамасын әзірлеу қажет екенін және ат спорты ойындарындағы қауіпсіздік мәселесін қарастыруды тапсырды.
2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге берген Қазақстанның өтінімін былтыр қыркүйек айында Бүкіләлемдік этноспорт конфедерациясы бірауыздан қолдады.