Көкшетауда тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды

Көкшетауда тоғызқұмалақтан ерлер арасында командалық ел чемпионаты басталды.

Жарысқа республиканың әр қиырынан 17 құрама келген.  Жарыс жеті күн бойы болады. Жүзден жүйрік атанғандар ұлттық құрама сапына қабылданады.  Айта кетейік,  елімізде спорттың осы түрімен 180 мыңға жуық адам айналысады. Жыл санап қатары көбейіп келеді, -дейді сала мамандары. Жалпы, зияткерлік ойынға деген жастардың қызығушылығы зор.  Жарысқа  қатысушылар  тоғызқұмалақ спорты адамның ой өрісін кеңейтуге ерекше ықпал ететінін айтады. 

Азамат Қайдаров, жарысқа қатысушы:

- Тоғызқұмалақ ойыны байқасаңыз бір ойын 3-4 сағатқа созылады. Бұл біріншіден сабырлықты үйретеді. Төзімділікті үйретеді. Алға қарай ойлауға мүмкіндік береді. Адамның ойын, математикасын жақсы дамытатын ұлттық интелектуалды ойынның бірі.

Бағдәулет Сәбитов, ҚР Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының директоры: 

- Тоғызқұмалақ зияткерлік спорт түрі.  Оны ойланып, оймен дамытатын спорт түрі болғасын көбісі оны танып, білмей жатады. Ал ойнап көргендер әрине қызығушылығы артып, оны баласына үйретуге талпынады. Біз оны іштей барынша дамытып, тырысып жатырмыз. Бірден бір кілті – халықаралық ареналар арқылы дәріптеу. Біз осы бағытта жұмыс жасап жатырмыз.