Алматыда IV қысқы Жастар спорт ойындары басталды
Бүгін Алматыда IV керлингтен қысқы Жастар спорт ойындары басталды.
Төрт жылда бір өтетін байрақты бәсекеде елдің 10 облысынан келген 200 спортшы сынға түседі. 12 ақпанға дейін өтетін жарыста 6 жастан , 28 жасқа дейінгі спортшылар бақ сынайды.Олардың арасында халықаралық жарыстардың жеңімпаздары мен әлем чемпионатының қатысушылары да бар. Жүзден жүйрік шыққандар еліміздің жастар құрамасына жолдама алып, халықаралық бәсекелерде ел намысын қорғайды. Нақтырақ айтсақ, Республикалық, халықаралық сындардан сүрінбей өткен спортшылар 2024 жылы Оңтүстік Кореяның Канвондо қаласында өтетін қысқы жасөспірімдер олимпиадасында бақ сынайды. Одан кейін Италияның Милан қаласында болатын қысқы олипиада жолдамасына жол ашылады.
Виктор Ким, Қазақстан керлинг қауымдастығының бас хатшысы:
- Елімізде керлинг спорты әлемнің өзге мемлекеттерімен салыстырғанда 17 есеге жылдам дамып келеді. Сондықтан да орта деңгейде болған маңғыстаулық қатысушылардың шеберлігі тез шыңдалып келеді. Үздіктер көшін Алматы қаласы бастайды. Одан кейін Алматы облысы, Шығыс Қазақстан мен Қостанай бар. Жаттықтырушылар кеңесі үздіктерді таңдап алады. Әрмен қарай әлемдік сайыстарға дайындық басталады.