Дэвис Кубогінде еліміз Чилимен таразы басын теңестіріп тұр
Теннистен Дэвис Кубогінің іріктеу кезеңінде Чили мен Қазақстан құрамалары өзара мықтыны анықтау үстінде.
Әзірге есеп 1:1. Жарыстың алғашқы матчында Тимофей Скатов Чилидің үздік теннисшісі, Кристиан Гаринді ұтты. 1,5 сағатқа созылған ойында Скатов 6:1 және 6:3 есебімен алға шықты. Айта кету керек, бұл отандасымыздың Дэвис Кубогындағы дебюттік ойыны болды.
Тимофей Скатов, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
- Көрсеткішіме көңілім толады. Матч ауыр болды. Бастапқы кезде қатты қобалжыдық. Кейін ойыным жүре бастады. Әрине, біз қонақта өнер көрсетіп жатырмыз. Сондықтан жанкүйерлерде айғайлап, шулап кедергі келтіруге тырысады. Бірақ, өз-өзімді жинақтай білдім.
Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик екі сетке ұласқан ойында 6:2 есебімен Николас Жарриге, есе жіберіп алды. Естеріңізге сала кетейік, екі құраманың кездесуі 3 жеңіске дейін жалғасады. Енді бүгін ел намысын қорғау үшін сағат кешкі 8-де кортқа Андрей Голубев пен Александр Недовесов шығады. Олар чилиликтерге қарсы жұптасып ойнайды. Ал төртінші кездесуде Александр Бублик Каристиан Гариннің осал тұсын табуға тырысады. Бұл матчтарда жеңімпаз анықталмаса, шешуші кездесу Тимофей Скатов пен Николас Жарридің арасында өрбитін болады.
Александр Бублик, теннистен Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі:
- Әрине бұндай есеппен қонақта ұтылу ауыр. Бүгін жолым болмады. Қарсыласым жақсы тактика таңдай біліп, айласын асырып кетті. Басқа айтарым жоқ.