Қазақстан Дэвис Кубогіндегі іріктеу сынын жалғастырды
Теннистен Қазақстан ұлттық құрамасы Дэвис Кубогіндегі іріктеу сынын жалғастырып жатыр.
Ойынның екінші күні спортшылар жұптасып өнер көрсетуде. Дәл қазір Чилидің Ле Серена қаласында отандастарымыз Андрей Голубев пен Александр Недовесов екеуі Чили спортшыларына төтеп беруде. Матчтағы есеп әзірге 1-0, кездесу корт қожайындарының пайдасына өрбіп жатыр.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін отандасымыз Тимофей Скатов чилилік теннисші Кристиан Гаринді 2 сетте де тізе бүктірген болатын. Ал Қазақстан құрамасының көшбасшысы Александр Бублик Николас Жарриге есе жіберіп алды. Осылайша Чили мен Қазақстан ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең келеді.