Алматыда күрес түрлерінен республикалық спартакиада мәресіне жетті
Ел үздіктері анықталды. Алматыда күрес түрлерінен республикалық спартакиада мәресіне жетті. 4 жылда бір ұйымдастырылатын байрақты бәсекеге бұл жолы 650-ге жуық спортшы жиналған болатын.
Жарыстың соңғы күндері бозкілемге еркін күрес шеберлері шықты. Ең жеңіл салмақта жамбылдық Рахат Қалжан қарылас шақ келтірмей, өз мықтылығын дәлелдеді.. Орта салмақтарда Санжар Мұхтар , Дархан Есенғали, Нұрболат Абдуәлиев, Санжар Досжанов және Болат Сақаевтар жеңімпаз атанды. Ал ауыр және аса ауыр салмқатарда Азамат Дәулетбеков, Бекзат Үркімбай, Ризабек Айтмұхан және ақтөбелік Юсуп Батырмұрзаев барлық қасырласын ұтты. Жалпыкомандалық есепте Жамбыл облысының өкілдері топ бастады. Үздік үштікті Астана қаласы және Павлодар облысының спортшылары түйіндеді.
Айта кетейік, спартаикиада қорытындысы бойынша күрес түрлерінен ұлттық құрамалар жасақталып, алдағы халықаралық жарыстарға дайындықты бастайды.