Елімізде жеңіл атлетикадан Х Азия чемпионаты басталды

Салтанаты ашылу рәсіміне қатысқан Үкімет басшысы Әлихан Смайылов Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, Азия жеңіл атлетика қауымдастығының президенті Дахлан Әл-Хамадқа жарысты ұйымдастыруға және өткізуге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа 31 елден 500-ден астам спортшы қатысады. Олар жүгіру, ұзындыққа, биікке секіру, ядро лақтыру және көпсайыс сияқты жарыс түрлері бойынша бақ сынайды.

Айта кеткен жөн, елордада ұйымдастырылған жабық алаң ішіндегі жеңіл атлетикадан Азия чемпионаты ТМД аумағында алғаш рет өткізіліп отыр.

Әлихан Смайылов, ҚР Премьер-Министрі:

- «Спорт шекара талғамайды, мемлекеттер мен халықтардың достығын нығайтып, жақындастыра түседі. Қазақстан спорт саласына айрықша мән береді. Елімізде азаматтардың кәсіби және бұқаралық спортпен айналысуы үшін барлық жағдай жасалған. Бұл саланың инфрақұрылымын дамытуға көп көңіл бөлінеді. 6 мыңнан астам адам сиятын Жеңіл атлетика кешені – осының айқын дәлелі. Қазақстан спортшылары көптеген дүбірлі додада топ жарып, ел абыройын асқақтатып жүр. Олар өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге болып, жастарды жарқын жеңістерге бастайды. Азия біріншілігінің Астана төрінде өтуі елімізде жеңіл атлетиканы дамытуға тың серпін береді деп сенемін. Біз осы саладағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты нығайта түсеміз. Баршаңызға зор денсаулық, толағай табыс тілеймін!» — құрметпен Қ. Тоқаев.