Шымкентте жекпе-жектен ел чемпионаты басталды

Сайысқа 10 салмақ дәрежесінде 160- тан аса спортшы келген.

Шараның салтанатты ашылуынан  кейін, ерлер мен әйелдер құрамасы өзара тартыстың іріктеу кезеңін қыздырды. Чемпионат төрт күнге жоспарланған.  Жеңімпаздар Азия мен әлемдік додаларға жолдама алады. Сондай-ақ бабы келіскен спортшыларға жауынгерлік аралас жекпе-жекке қатысуға лицензия беріледі. Ұйымдастырушылар кәсіби спортшылардың дайындығы мықты екенін айтады. Және ұлттық спортқа  қызығушылардың қатары жыл санап артып келе жатыр.

Асқар Айымбетов, қалалық ұлттық жекпе-жек спорты федерациясының президенті:

- Бұл жарыстың өзіндік қиындығына қарамастан 160-тан астам спортшы бүкіл Қазақстаннан, әр облыстан қатысып жатыр. Қалыс қалған бірде-бір облыс жоқ. Соның өзі айтып отыр Ұлттық жекпе-жек түрінің біздің елімізде жақсы деңгейде дамып келе жатқандығын.