Елордада футболдан балалар арасындағы республикалық турнир өтті

Астана кубогы. Дәл осындай атаумен елордада футболдан балалар арасындағы республикалық турнир өтті.

Оған еліміздің түкпір-түкпінінен 20 команда жиналды. Яғни, әр аймақтағы кәсіпқой футбол клубтарының шәкірттері өзара мықтыны анықтады. 3 күнге созылған жарыс нәтижесінде алматылық «Қайрат» топ жарды. Олар финалда жергілікті «Айбын» командасымен жолығып, негізгі ойын уақыты тең аяқталды. Ал, матч соңындағы пеальтилер сериясында қонақтардың жолы болды. Қорытынды есеп: 3:2. Ал, үздік үштікті Қаскелең қаласынан келген «Парасат» командасы түйіндеді. Айта кетейік, балалар арасындағы аладоп аламаны жыл сайын тұрақты ұйымдастырылып тұрады және уақыт өкен сайын оның ауқымы кеңейіп, қатысушылар саны артып жатыр. Алдағы уақытта, тіпті, шетелдік клубтарды да шақырып, халықаралық деңгейге көтеру де көзделіп отыр.