Отандастарымыз сұрмергендер сайысында топ жарды

28 спортшымыз аттанып, 18 медаль жеңіп алды. Оның 7-еуі алтын.

Кувейт астанасы Эль-Кувейт қаласында стенд атудан Азия Кубогы аяқталды. Жарыстың соңғы күндері стенд атудың трап бағытындағы медаль жиынтығы сарапқа салынды. Әсіресе, аралас жұптық сында қазақстандық Әлішер Айсалбаев пен Айжан Досмағамбетова ең үздік нәтиже тіркеп, жарыс жеңімпазы атанды. Кейін дәл осы Әлішер қос қола еншіледі. Яғни, ерлер арасындағы жекелей сында және ерелер арасындағы командалық сында сәтті өнер көрсетті. Командалық сында Әлішерден бөлек, ел намысын Артем Чикулаев пен Александр Федоров қорғады. Бұған қоса, Аралас жұптық сында қазақстандық Виктор Хасянов мен Мария Дмитриенко да үздік үштікті түйідеді. Жасөспірімдер арасында Даниил Почивалов алтын, Богдан Конченко күміс жеңіп алды. Айта кетейік, жарыстың алғашқы күндері скит бағытындағы бәсеселер болды және ұлттық құрама 13 медаль еншіледі. Осылайша қазақстандық сұрмергендер кезекті рет құрлықтық деңгейде үздіктер қатарында екенін дәлелдеп отыр.