Grand Slam: Данияр Шамшаев финалда өзбек спортшысынан жеңілді
Қоржынымызда қос қола. Ташкентке қаласында дзюдодан әлемдік гран-придің кезекті кезеңі өтті және жерлестеріміз үшін жемісті болды деуге келеді.
Өйткені 2 бірдей спортшымыз финалға шықты. Әсіресе орта салмақтағы Данияр Шамшаев іріктеу сындарында барлық қарсыласын иппон әдісімен ұтып, спорт мамандарын тәнті етті. Ал финалда жергілікті өзбек спортшысы Муроджан Юлдошевке есе жіберді. Бұған қоса 60 келідегі Нұрқанат Серікбаев та алтынға таласуға мүмкіндік алды. Жерлесіміз, іріктеу барысында Әзірбайжан, Өзбекстан және Грузия дзюдошыларын айқын басымдықпен ұтты. Ал ақтық сында оңтүстік кореялық Ким Вон Джиннен жеңіліп қалды. Қалған спортшыларымыздың жолы болмады. Әсіресе ауыр салмақтағы Шерхан Нұрлыхан қола жүлде үшін күресуге мүмкіндік алып, бірамқ, соңғы сында ұтылды. Дәл солай әйелдер арасында Камила Берліқаш та қола жүлдеге сәл жетпей тоқтады. Жалпы жыл басынан бері қазақстан құрамасы әлемдік аламандарда сәтті өнер көрсетіп жүр және кемінде осылай 2 медальдан жеңіп алады.
Ресейде құрлықтық додада топ жарды
Қоржынымызда 14 медаль. Оның үшеуі алтын. Ресейдің Кемерево қаласында қысқы спорт түрлерінен «Азия балалары» ойындары аяқталды. Соңғы жарыс күні конькимен жүгіру шеберлерінің бәсекесі өтті және қазақстандық Варвара Глухова алтын жүлдегер атанды. Жас спортшымыз масс-старт додасына қатысқан болатын. Күміс медаль Беларусь, қола Ресей өкіліне бұйырды. Бұған қоса, командалық спринтте ұлттық құрама спортшылары жүлдеге сәл жетпей, 4-орынға тұрақтады. Ал 500 және 3000 шақырымдық додаларда 5-орын алды.
Варвара Глухова, «Азия балалары» ойындарының жеңімпазы:
- Мен үшін жеңіске жету өте маңызды болды. Жарыс алдында бапкерім жоспар құрып берді және мен оны бұлжытпай орындадым. Яғни, бәсеке барысында негізгі топтың ішінде болып, соңғы айналымда ғана суырылып алға шықтым. Нәтижесінде алтын жүлдем бар. Өте қуаныштымын. Сезімімді сөзбен жеткізе алмаймын.
Варварадан бөлек, ұлттық құрама сапындағы Илья Мизерных пен Мейіржан Төлеген де чемпион атанды. Алғашқысы шаңғымен тұғырдан секіруде топ жарса, кейінгісі шорт-трек шеберлерінің бәсекесіде алдына жан салмады. Бұлдан бөлек, қазақстандық өрендер 5 күміс пен 6 қола жеңіп алды. Нәтижесінде жалпы командалық есепте 12 құрама арасынан 6-шы орынға тұрақтады. Айта кету керек, құрлықтық жарыс осымен 2-ші рет ұйымадстырылып тұр және 2019 жылғы қысқы ойындарда да Қазақстан жалпы есепте 6-орын алған болатын. Байрақты бәсеке жас спортшыларымыздың шеберлігін шыңдап, болашақ чемпиондарды бала жастан тәрбиелеуге керемет мүмкіндік дейді мамандар.
Мәлік Сапашев, Қазақстан делегациясының басшысы
Футболдан қазақстан чемпионаты
Қайрат пен Атырау тең түсті. Футболдан жоғарғы лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды және алғашқы турда көпшілік күткендей сенсация бола қойған жоқ. Тек алматылық Қайрат уысында тұрған жеңісті жіберіп алды. Кирилл Кекер баптайтын жігіттер өз алаңында Атырау командасын қабылдаған болатын. Алғашқы голды да өздері соқты. Алдымен Артур Шушеначев, артынша Гүлжігіт Алықұлов мергендігімен көзге түсті. Бірақ бірінші кезең соңына дейін қонатар сапындағы Демир Имери есеп айырмасын қысқартса, 66-минутта Евгений Козлов таразы басын теңестіріп кетті. Қортынды есеп: 2:2. Осылай Қайрат ә дегеннен турнир тізімінің жоғарғы сатыларына орналаса алмады. Алматылық клуб қазір 8-ші тұр. Бірніші орында Ордабасы. Шымкенттік клуб алғашқы турда Каспий командасын 3:1 есебімен ұтты. Үздік үштікті әзірге Тобыл мен Астана түйіндеп тұр. Тобыл бұл жолы Ақсудан 3:1 есебімен, ал Астана Шахтерден 2:1 есебімен басым түсті. Қазақстан чемпионатының кезекті тур ойындары 9 және 10 наурыз күндері өтеді.