Бурабайда биатлоннан әлем чемпионаты жалғасып жатыр
Ең тәуір көрсеткіш - 11-ші орын. Дәл қазір Бурабай баурайында биатлоннан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Айта кету керек, Қазақстан бұндай деңгейдегі жарысты өз тарихында алғаш қабылдап тұр және оған 41 елден 800-ден аса спортшы жиналды. Жарыстың алғашқы күндері жерлестеріміздің жолы болмады. Ең тәуір көрсеткішке Данил Червенко қол жеткізді. Ол 15 шақырымдық жекелей сынға қатысып, нәтижесінде 11-ші сатыға тұрақтады.
Ал аралас эстафетада ұлттық құрама 14-ші орын алды. бұл сында ел намысын Яна Чупик, Милана Генева, Евгений Литвинов және Егор Гребеньчиков қорғаған болатын.
Ал қыздар арасындағы 12 шақырымдық жекелей сында қазақстандық Арина Крюкова 38-ші, Полина Егорова 43-ші, ал Кристина Титиевская мен Алина Скрипкина, сәйкесінше 64-ші және 66-шы орындарға жайғасты.
Жеңіс тұғырына бүгінде дейін Норвегия, Словения, Франция, Гермсания және Украина спортшылары көтеріліп үлгерді. Щучинск қаласындағы әлем чемпионаты 12-ші наурызға дейін жалғасады.