Қазақстандық шорт-трекші Кореядағы чемпионатта финалға шықты
Қазақстандық шорт-трек құрамасының капитаны Денис Никиша Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатының ширек финалына шықты.
Қазақстандық спортшы 500 метрге жүгірудің іріктеу кезеңін сәтті өткізді. Төртінші топта ол мәреге бірінші келген. 10-12 наурызда өтетін әлем чемпионатында 11 қазақстандық спортшы бақ сынайды. Тізімде Денистен бөлек, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Еркебұлан Шамұханов, Антон Хван, Абзал Әжіғалиев, Ольга Тихонова, Яна Хан, Мәдина Жанбосынова, Алина Әжіғалиева, Мәлика Ермек бар. Қазақстан құрамасын бұрынғы спортшы Нұрберген Жұмағазиев баптап жүр.
Нұрберген Жүмағазиев, Қазақстан құрамасының шорт-тректен бас бапкері:
-Жас спортшыларымыз бар. Осында келмеген Насен Айбек деген осы біздің спортшымыз бар 19 жастағы. Осы 5 пен 6 әлім кубогына барып 19 жастағы спортшымыз жасөспірім арасында өнер көрсетеді. Сол спортшымыз командалық сайыста Денистар мен қатысып финалға шыққан болатын. Сондықтан оларды алда әлі болашақ күтіп отыр.