Денис Никиша шорт-тректен әлем біріншілігінде жүлдесіз қалды

Қазақстандық шорт-трекші Денис Никиша Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында жүлдесіз қалды. Спортшымыз үшін финал сәтсіз аяқталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владислав Цой, тілші:

- Шорт-тректен әлем чемпионатында Қазақстан намысын 6 жігіт қорғады. Олар: Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Нұртілек Қажығали, Абзал Әжғалиев, Еркебұлан Шамуханов және Антон Хван. Ең жақсы нәтижені команда капитаны көрсетті. Денис Никиша ширек және жартылай финалда екінші орында болды. Бірақ нәтижесінде ол 4 орынға ие болды.

Денис Никиша, шорт-тректен Қазақстан құрама командасының мүшесі:

- Бәрі жақсы, ойдағыдай болды. Біздің мақсаттарымыз болды. Бір мақсатқа жеттік: жалпы есепте Әлем кубогының 6 кезеңі бойынша бірінші орынды алдық. Екінші мақсатқа жете алмадық. Бірақ бұл шорт-трек. Финалда мен таймингті ұстай алмадым. Қалай болғанда да, біз бұл маусымды өте сәтті өткіздік.

Әйелдер құрамасында Ольга Тихонова, Яна Хан, Мадина Жанбусинова, Алина Ажғалиева және Малика Ермек болды. Ең жақсы нәтижені Ольга Тихонова көрсетті. Ол 24-ші орында. 28-ші орында – 22 жасар Яна Хан. Бүгін 500 метр қашықтықта жұбаныш сайысында жартылай финалға дейін жеткенімен, мәре сызығында қателесті.

Яна Хан, шорт-тректен Қазақстан құрама командасының мүшесі:

- Мен эйфорияда болып, мәре сызығының қай жерде екенін шатастырып алдым. Кеше эстафетада іріктеуден өте алмағанымыз өкінішті. Кеше бір Америка спортшысы мені итеріп жіберді, бірақ төреші де американдық болғандықтан, ештеңе деген жоқ, ешкім дисквалификация алмады.

Владислав Цой, тілші:

- Әлем чемпионаты ертең мәресіне жетеді. Жарыстың сонғы күні біздің команданың 2 мүшесі жұбаныш жарысында өнер көрсетеді. Ольга Тихонова 1000 метр қашықтыққа жүгіреді. Дәл осы қашықтықта Әділ Ғалиахметов жарыстың финал бөлігіне шығу үшін таласады.

Авторлары: Владислав ой, Ольга Лян.