Рыбакина Masters турнирін жеңіспен бастады
Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина "Индиан-Уэллс Мастерс" турнирінің үшінші айналымына өтті.
Жерлесіміз АҚШ-тағы жарысты екінші айналымнан бастаған еді. Ол 2020 жылғы Аустралия ашық чемпионатының жеңімпазы, қазіргі рейтингте 170-орында тұрған америкалық Софья Кенинмен кездесіп, тартысты бәсекеде жеңіске жетті. Елена келесі айналымда испаниялық теннисшілердің бірімен сайысқа түседі. Еске салайын, "Индиан-Уэллс Мастерс" турнирі 19 наурызға дейін жалғасады. Оның жүлде қоры 8 млн АҚШ долларынан асады.