Қазақстандық шорт-трекшілер қысқы маусымды аяқтады
Қазақстандық шорт-трекшілер қысқы маусымды аяқтады.
Оңтүстік Кореяда өтіп жатқан әлем чемпионатының соңғы күнінде, екі спортшымыз мұз айдынына шықты. Әйелдер арасында 1000 метр қашықтыққа жұбаныш жарысында, Ольга Тихонова жартылай финалға өте алмады. Дәл осы қашықтықта ерлер арасында Әділ Ғалиахметов жеңіске жетті. Бірақ, ширек финалда өз тобында отандасымызы мәреге бесінші болып келді. Жалпы, биылғы маусымда шорт-тректен Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингтегі позициясын жақсартты. Әлем кубогының 6 кезеңінің қорытындысы бойынша 500 метр қашықтыққа жүгіруден Денис Никиша бірінші орын алды. Команданың 60 пайызын құрайтын жас спортшылар да, жақсы жетістікке жетті.
Әділ Ғалиахметов, шорт-тректен Қазақстан командасының мүшесі:
- Мен үшін осы маусым өте жақсы басталды деуге болады. Себебі жазғы жаттығуды жақсы жасап сол маусым басында тәуір көрсеткіш көрсете алдым. Бір мың метр қашықтықта үшінші болдым. Бірақ маусым соңына дейін кішкене әлсіреп қалдым, себебі жаздың басында кішкене травма алып аяғымды сындырып алдым.
Олжас Бесбаев, Қазақстан конькишілер одағының атқарушы директоры:
- Қысқы спорт түрлерінің үздігі деп айтуға болады қазір Қазақстанда. 8-9 өңірлерде дамып жатыр. Қазір жаңадан ашылған Түркістан облысында Түркістан қаласында жаңадан мұз айдыны ашылайын деп жатыр. Сол жерде де үлкен спортшылар шығады деп ойлаймын.