Шавкат Рахмонов мықтылармен жекпе-жекке шығуға дайын
Шавкат Рахмонов мықтылармен жекпе-жекке шығуға дайын.
Жақында ғана АҚШ-тан абыроймен оралған спортшы Алматыда журналистермен жүздесіп, осындай пікір білдірді. Естеріңізге сала кетейік 5-ші наурыз күні жерлесіміз Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда UFC 285 турнирінде америкалық Джефф Нилді үшінші раундта қылқындыру әдісімен жеңген болатын. Ережесіз жекпе-жектің шеберіне ерінбегендердің бәрі сауал қойды. Шавқат сәл тынығып алған соң, қайтадан дайындық жұмысын бастайтынын жеткізді. Жекпе-жектен кейін UFC президенті Дана Уайтпен жүздесіп, өзінің болашағына қатысты біраз мәселені талқылағанын айтты. Қазіргі уақытта қонаққа барғанды қаламайды екен. Кейбіреулер мені жұлдыз ауруына шалдықты деп есептейді. Мүлде олай емес. Столда отырған 10 адамның тоғызы бір сұрақты қайталап қоя береді. Содан шаршаймын,-дейді. Ал соңғы қарсыласының осал емес екендігін айтты.
Шавкат Рахмонов, ММА шебері:
- Жекпе-жек қатты оңай болған жоқ. Тез жеңемін деп ойлаған жоқпын. Неге дегенде қарсыласымның мықты екенін білетін едім. Әрдайым мен жекпе-жектерге жақсылап дайындалып ақырына дейін жекпе-жекті өткізуге тырысамын. Соған дайынмын өткізуге. Былайша қарсыласым оңай болған жоқ. Сондықтан да ары қарай мықты қарсыластар болады. Сондықтан да бәріне дайын болу керекпін.