Әскерилер тоғызқұмалақ ойнаудан жарысты
Наурыз қарсаңында қарулы күштер қызметкерлері тоғызқұмалақтан сынға түсті.
Дәстүрлі спартакиада аясында жалауын көтерген жарысқа 70-ке жуық әскери қатысты. Олар өзара екі топқа бөлініп, кіл мықтыны анықтады. Биылғы сайыстың ерекшелігі, ой додасында елімізде білім алып жатқан Үнді және Қырғыз елдерінің азаматтары да бақ таластырды. "Олар қазақтың ұлттық ойынын енді үйренсе де қарсыластарына бәсекелестік туғызды», - дейді ұйымдастырушылар. Чемпионат қорытындысы бойынша топ жарған жеңімпаздарға медаль мен алғыс хаттар табысталды.
Замира Бекмұратова, 14776 әскери бөлімінің аға офицері:
- Тоғыз құмалақпен 2011 жылдан бастап ойнап келе жатырмын. Осы спартакиаданың аясында 2011 жылы бізде қарулы күштер арасында бірінші рет болды тоғызқұмалақ ойыны. Сол кезде бірінші рет қатыстым. Бірінші рет үйрендім сол кезде. Содан ойнап келе жатырмын.