Кандидат Дәулет Тұрлыханов дауыс берді

Мәжіліске бір мандатты округтерден түсіп жатқан кандидаттар да өз таңдауларын жасап жатыр.

Елордалық үміткерлер Дәулет Тұрлыханов пен Дәулет Мұқаев таңертең ерте өз сайлау учаскелеріне барды. Танымал спортшы мен қоғам белсендісі Конституциялық құқығын пайдаланып дауыс берді. Ал, Шығыс Қазақстан облысынан Мәжіліс депутаттығына үміткер Ербол Көбентай сайлауға 85 жастағы анасымен бірге келді. Осы өңірден сайлауға түсіп жатқан Оксана Каленова болса, аралас сайлау жүйесі дауыс берушілерге үлкен мүмкіндік беріп отыр депсанайды. Ал оралдық Нәдір Құрымбаев саяси науқан әділ өтіп жатқанына сенімді. мола облысында да саяси науқан қыза түсті.  Бұл аймақтан Меруерт Қазбекова «Ақжол» демократиялық партиясының атынан бақ сынап жатыр. Бір мандатты округтен түсіп жатқан кандидат өз таңдауын жасады. Ал Атырау облысында 412 мыңнан астам сайлаушы бар. Солардың бірі Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы облыстық филиалының төрағасы.  Нұрайнаш Қамалова  №34 сайлау учаскесінде дауыс берді.