Спортшылар сайлауда таңдауын жасады
Бүгін спортшылар да белсенділік танытып, өз таңдауларын жасап жатыр.
Басым бөлігі жаттығу кестесінің тығыздығына қарамастан саяси науқанға қатысуға мүмкіндік тапты. Алдағы уақытта лайықты азаматтар билікке келіп, елдің одан сайын өркендеуіне үлес қосады деген үміттерін жеткізді.
Санжар Тәшкенбай үшін бұл сайлаудың маңызы ерекше. Бокстан Әлем және Азия чемпионы өмірінде алғаш рет дауыс беруге мүмкіндік алды. Елордалық спортшы қазір 19 жаста. Сәйкесінше, сәл қобалжу болғанын алға тартады.
Санжар Тәшкенбай, бокстан әлем чемпионы:
- Бүгін таңертең тұрып, осы учаскеге дауыс беруге келдім. Елден қалмай, халықпен бірге. Бірінші рет келіп тұрмын. Қолбалжу болды. Алда жақсы өзгерістер болады деп ойлаймын.
Ал паралимпиадашы Сиязбек Далиев сайлау учаскесіне қос қанаты ұлдарымен бірге келді. Екі қолынан да айырылған жүзу шебері қашан да саяси науқаннан тыс қалмауға тырысады және сол арқылы перзенттеріне үлгі көрсеткісі келеді.
Сиязбек Дәлиев, жүзуден халықаралық дәрежедегі спорт шебері:
- Осы сайлау өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Өзіме ұнап жатыр. Мына жақта бәрі сыпайы. Өте ыңғайлы болып тұр сайлау жасауға. Кандидаттардың бәрін танымайтын. Танитандырдың соларға таңдау бердім.
Отандық спортшылар жаңадан сайланатын депутаттар халықтың сенімін ақтап, ел игіліне еңбек етеді деп үміттенеді.
Аслан Қаженов, Виктор Полянный