Шымкентте ұлттық спорт түрлерінен сайыс басталды. LIVE
Шымкентте Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық спорт түрлерінен ауқымды сайыс басталды. Ипподромда өтетін додаға облыс, қаладан жүздеген спортшы шақыртылды. Сондай-ақ Өзбекстан мен Қырғызстан, Қытай, Маңғолия мемлекеттерінен де ат құлағында ойнайтын алғырлар жиналды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Нұрсұлтан Мұхамеджан, тілші:
- Мен дәл қазір ұлттық ойынның дамуына серпін беретін ауқымды жобаның ашылу салтанатына куә болып тұрмын. Ауа райы жауын-шашынды болса да, мұндағы халықтың көңіл күйі тамаша. Міне, Наурыз думан тойына арналған ат спортынан жарыс сәлден соң басталады.
Жер-жерден жиналған спортшылардың дайындығы жоғары деңгейде екенін байқауға болады. Олар 3 күн бойы дәстүрлі садақ атудан сайысқа түсіп, теңге ілуден кім мықтыны анықтайтын болады. Аударыспақ пен командалық көкпардан жарыс жолына шығып, ұлттық ойынның көркін қыздырмақ. Сайыстың өту барысын ұйымдастыру алқасынан біуді жөн көрдік. Ұлттық және ат спорты түрлерінен қалалық клуб басшысы Данияр мырза қасымда тұр.
Данияр Мыңбаев, Ұлттық және ат спорты түрлерінен қалалық клубтың директоры:
- Ұлы қазақ дала ойындарынан Шымкент қаласында өтіп жатқан 10 мемлекеттен спортшылар қатысып отыр. Жалпы, саны 130-ға тарта. Нақты айтар болсақ, 126 спортшы. Осы жарыстарға Қазақстанның өңірлерінен жиналған мыңға жуық спортшы қатысады. Спорттың 9 түрінен. Атап айтсақ, көкпар, аударыспақ, бәйге, қазақ күресі, асық ату, жанбы ату және дәстүрлі садақ ату. Спортшылардың дайындығы жоғары.