Елордада ұлттық спорт дәріптелді
Ұлыстың ұлы күнінде елорданың барлық 4 ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өткізіліп жатыр.
Саябақтар мен алаңдарға жиналған қауым қазақ күресінен, қошқар көтеруден, арқан тартудан, асық атудан, қол күресінен және гір көтеруден мықтылық байқасуда. Осындай бұқаралық шаралардың бірі Алматы ауданына қарасты Триатлон саябағында да ұйымдастырылды. Халықтың көңіл-күйі қалай?