Мәскеуде қазақ жастары шахмат турнирін өткізді

Мәскеуде қазақ жастарының ұлттық ұйымы Наурызға орай шахматтан турнирін өткізді.

Оған Қазақстаннан келіп оқып жүрген студенттер, сонымен бірге Омбы, Астрахань, Волгоград қазақтары қатысты. Ресей астанасында ай сайын өтетін мұндай басқосулар жастардың бір-бірімен танысып, араласып, туған елмен байланысып отыруларына сеп дейді іс-шараны ұйымдастырушылар.

Сұлтан Салауатулы, Мәскеу қаласының қазақ ұлттық ұйымының мүшесі:

- Студенттер, басқа жақтан, басқа өңірлерден жұмыс жасауға келген қазақтар, солардың басын қосып, көптеген іс-шаралар ұйымдастырып тұрамыз. Мысалы, шахматтық турнир өткізіп жатырмыз. Қырық шақты адам атсалысып жатыр.  Болашақта одан да үлкен болады деп ойлаймыз қатысушылар саны.