Шахмат: Жансаяның қылығы Бибісараның шамына тиді
Үндістан астанасы Нью-Делидегі Гран-при FIDE шахмат турнирінен тағы бір спортшы кетіп қалды.
Бұл жолы неміс шахматшысы Элизабет Петц жарыстың дұрыс ұйымдастырылмауына байланысты наразылығын білдірді. Спортшы партияларды дәстүрлі тәртіпте ақ және қара фигуралармен өткізе алмайтындығына шүйліккен. Бұған дейін турнирдің дұрыс ұйымдастырылмағандығына байланысты қазақстандық шахматшы Жансая Әбдумәлікте жарыстан бас тартқан болатын. Ал оның әрекетін командаласы Бибісара Асаубаева сынға алып, спортшыға сай қылық танытпады деп айыптаған еді. Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворкович болса, Үндістан астанасындағы әйелдер Гран-при сайысы дұрыс ұйымдастырылмағандығына байланысты қатысушылардан кешірімін де сұрады. Ал Қазақстан шахмат федерациясы спортшылар арасындағы дау ФИДЕ және басқа да мүдделі тараптармен талқыланып жатқандығын мәлімдеді.