Елена Рыбакина кәсіпқой мансабындағы жеке рекордын жаңартты
Қаратынан 10-шы жеңіс. Қазақстандық Елена Рыбакина кәсіпқой мансабындағы жеке рекордын жаңартты.
Ол қазір Майами қаласындағы WTA 1000 санатындағы турнирге қатысып жатыр және соңғы сында испаниялық Паула Бадосаны ұтқан болатын.
Айта кету керек, Рыбакина әлемдік рейтингте 7-ші, ал Бадоса 29-шы тұр. Соған қарамастан кездесу өте тарысты өтті. Қорытынды есеп: 3:6, 7:5, 6:3.Енді ол келесі кезеңде бельгиялық Элизе Мертенспен кездеседі. Майами қаласындағы жарыс 2-ші сәуірге дейін жалғасады. Сәйкесінше, Рыбакина жеке рекордын тағы бірнеше мәрте жаңарта алады. Бұған дейін оның ең үздік көрсеткіші – қатарынан 7 жеңіс болатын. Бұған қоса, Елена жеке табысына қатысты да рекорд орнатуы мүмкін. Жыл басынан бері ол 2 миллион 500 мың АҚШ доллары көлемінде сыйақы ұтып алды. Ұлттық валютаға шаққанда бұл шамамен 1 миллиард 130 миллион теңгеге жуықтайды.