Александра Ле әлем кубогында жүлдеге ілікті
Қоржынымызға қола түсті. Дәл қазір Үндістанның Бхопал қаласында сұрмергендер сайысы өтіп жатыр.
Пневматикалық винтовкадан және тапаншадан нысына көздеу бойынша әлем кубыгының кезекті кезеңі жерлестеріміз үшін сәтті басталды. Ұлттық құрама сапындағы Александра Ле жекелей сында сәтті өнер көрсетіп, финалға шықты. Ал соңғы сында 630.7 ұпай жинап, жалпы есепте үздік үштікті түйіндеді. Бірінші орын қытайлық, екінші орын америкалық спортшыға бұйырды. Қазақстандық сұрмергендер нысана көздеудің басқа бағыттарында да бағын сынайды. Сәйкесінше, қоржындағы медальдар саны артуы мүмкін. Бхопал қаласындағы жарыс наурыздың аяғына дейін жалғасады. Оның қорытындысы бойынша жақсы нәтиже тіркеген спортшыларға рейтинтік ұпайлар беріледі. Дәл осы көрсеткіш кейін Париж олимпиадасының жолдамалары сарапқа салынғанда негізгі рөлді атқарады.