Қазақстандық футбол жанкүйерлері ұлттық құраманың жеңісін әлі тойлап жатыр

Бұл – көптен күткен жетістік. Сондықтан әлеуметтік желі кешеден бері отандастарымыздың атой салып, қуанған бейнероликтеріне толды. 

Жалпы, бұл жеңіс елді ғана емес, бүкіл әлемді аузына қаратты десек болады. Қазір әлемдік БАҚ та Қазақстанның жетістігін жарыса жазып жатыр. Тіпті УЕФА Асхат Тағыбергеннің голын іріктеу турының үздігі деп мәлімдеді. Ал британдық Sky sports «Қазақстан Данияны керемет кэмбэкпен таңғалдырды» деп жазды.

Дидар Қадыров, футбол комментаторы:

- Көптен күткен жеңіс камбэк арқылы келді. Бұл құраманың ең үздік ойыны деуге болады. Менің ойымша, бізді алдағы уақытта бұдан да үлкен жеңістер күтіп тұр. Керемет көрсеткіш, сол үшін Қазақстан жайлы ұтымты пікірлердің жиі айтылуы да орынды.