Қазақстандық футболшылар сыйақы алады

Қазақстандық футболшылар сыйақы алады

Қазақстандық футболшылар Еуропа-2024 чемпионатының іріктеуінде Данияны жеңгені үшін қаржылай сыйақы алады. Бұл туралы құраманың бас бапкері Магомед Адиев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазақстандық футболшылар үшін жанкүйерлері мен халықаралық сарапшылардың берген бағасы маңызды.

Магомед Адиев, футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері:

- Қаржылай сыйақыға келетін болсақ, бізге белгіленген сыйақы мөлшері бар. Алайда футболшылар үшін бұл жеңістің өзі – қандай да бір ақшадан қымбат. Себебі біздің команда үшін алдымен халықаралық сарапшылардың, әсіресе жанкүйерлеріміздің қолдауы мен берген бағасы маңызды.