Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесакомен кездеседі

Мейірім Нұрсұлтанов жапониялық Кадзуто Такесакомен кездеседі

Кезекті қарсылас есімі мен кезекті кездесу мерзімі белгілі. Қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов та бірер аптадан кейін, яғни 15 сәуірде келесі жекпе-жегін өткізеді. Орта салмақтағы кәсіпқой боксшы бұл жөнінде өзі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады.

Мейірім Оңтүістік Кореяның Инчхон қаласындағы бокс кешінде шаршы алаңға шықпақ. Ал оның кезекті қарсыласы – жапониялық Кадзуто Такесако. Кейінгісі кәсіпқой рингте 16 рет жұдырықтасып, 15-інде жеңіске жеткен. Ал біреуі тең аяқталды. Мейірімнің көрсеткіші – 18 жекпе-жек, 18 жеңіс. Яғни, ешқашан жеңіліп көрмеген қос боксшы өзара мықтыны анықтайды деген сөз.

Айта кетейік, жерлесіміз қазір WBO тұжырымы бойынша әлемдік рейтингтің 3-ші сатысында тұр. Ал соңғы жекпе-жегін былтыр қазан айында өткізді. Польшадағы бокс кешінде аргентиналық Марсело Эстебан Косересті жеңген болатын.