Н. Әбдірахманов ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды
Қазақстандық ауыр атлет Никита Әбдірахманов жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында алтын жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Албанияда өткен дүбірді додада отандасымыз 102 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, қоссайыс қорытындысы бойынша 369 келіні бағындарды. Осылайша, сайысты екінші орында аяқтаған грузиялық Саба Адамияның көрсеткішінен әлдеқайда асып кетті. Ол 2 сайыстың қортындысы бойынша 305 келіні көтерген еді. Бұл – ұлттық құрама үшін турнирдегі екінші алтын. Бұған дейін 73 келіге дейінгі салмақта Ерасыл Сәулебеков алтын алған болатын.