А. Тағыберген үздік голдың иесі атанды

А. Тағыберген үздік голдың иесі атанды

Ал Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Асхат Тағыбергеннің Данияға соққан соққысы Еуро-2024 іріктеу турнирінің үздік голы атанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Отандасымыздың қақпаға допты зеңбірекше атқаны турнирдің ресми парақшасында жарияланды.

Естеріңізде болса, Қазақстан құрамасы кәріқұрлықтың басты сайысына қатысуға таласып жатыр. Соңғы ойында аяқдопшылар Данияны жеңіп, 3 ұпайды еншіледі.