Талдықорғанда дзюдодан халықаралық турнир басталды
Талдықорғанда дзюдодан 23 жасқа дейінгі ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы Бауыржан Жаналинді еске алуға арналған халықаралық турнир басталды.
Аталған жарысқа қазақ балуандарымен қатар Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан елдерінен барлығы 450-ге жуық спортшы қатысуда. Талдықорған қаласының тұрғындары мен алыстан келген мәртебелі меймандар Орталық Азия елдерінің кіл мықты дзюдошыларының тыртысты бәсекесін екі күн бойы тамашалай алады. Халықаралық турнир Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында өтіп жатыр. Әр салмақта топ жарған жарыс жеңімпаздарына 100, 70 және 50 мың теңге көлемінде қаржылай сыйақы тағайындалғанын да айта кетейік. Жүлде қоры соншалықты көп болмаса да бұл жас балуандарды ынталандыру үшін қажет екен.
Ерлан Тажиков, жарыстың бас төрешісі:
- 66, 73 келідегі балуандар бүгін ақтық бәсекеде күреседі осы турнирде Бауыржан ағамызды еске алуға арналған. Ол кісі бұрын мықты жаттықтырушы болған еңбегін сіңірген. Алматыда интернатта істеді. Осы біздің Жетісу облысында, Талдықорған қаласында жақсы тренер болды. Мықтылары ұтатын шығар деп жігіттерге осы бар жақсылық, сәттілік тілейміз.