Отандасымыз Берлин жартылай марафонында жүгірді
Берлинде 42-жартылай марафон өтті.
Оған 130 ұлттан 35 мыңнан астам желаяқ қатысты. Кениялық Себастьян Саве 21 шақырымды 59 минутта бағындырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Спортшылардың арасында отандасымыз Тәкежан Талғар да бар. Ол қашықтықты 1 сағат 16 минутта жүгіріп өткен. Тәкежан Талғар күзде Берлин марафонында жүгіруді жоспарлап отыр.
Тәкежан Талғар, BERLIN 2023 жартылай марафонына қатысушы:
- Өте жақсы өтті. Ауа райы суық болды, біраз жел қатты болды. Нәтижеге соншама разы емеспін. Дегенмен. Өйткені 6 апта жараланып қалдым. Дайындық аз болды. Жүгіру спортымен шұғылғаныма екі-үш жыл болды. Коронавирустың кезінде фитнес жабылып қалған себепті, жүгіруді бастадым. Содан бері жүгіремін, өте ұнайды маған.
Қазақстанда марафонға қатысу жоспарымда бар. Келесі жылы деп ойлаймын. Қазақстанда жарысу үшін жеңу керек, дайындалып барамын.