Ұлытау облысында хоккей мектебі құрылды
Ұлытау облысында хоккей мектебі құрылды. Болашақта оның базасында кәсіби хоккей командасы да жасақталатын болады.
Спорт мектебі 1-ші мамырдан бастап балаларды алуға өтінімдер қабылдайды. Ал алғашқы жаттығулар күзде басталады. Себебі, дәл қазір оған мүмкіндік жоқ. Өңірдегі жалғыз мұз сарайы саналатын, Сәтбаев қаласындағы кешеннің тозығы жеткен. Оны жөндеуге шамамен 500 млн теңге қажет. Естеріңізде болса, жақында облыста кәсіби футбол командасы да құрылған болатын. Дегенмен, шығыны көп осынау спорттың екі түріне, қазынадан бір тиын да бөлінбейді.
Ғалым Нұржанов, хоккей мектебі бақылаушылар кеңесінің төрағасы:
- Қаржыландыру мәселесі тек қана демеушілердің арқасында. Үкімет тарапынан көмек сұраған жоқпыз. Бізге қазір оның керегі де жоқ. Ең бастысы бізге осы Ұлытау өңірінің балалары болашақта салауатты өмір сүріп, спортпен айналысса деген ойымыз.