Бибісара Асаубаева Үндістандағы жарыста топ жарды
Бибісара көш басында.
Дәл қазір Үндістан астанасы Нью-Дели қаласында шахматтан әйелдер арасындағы Гран-при өтіп жатыр. Әлемдік аламанға ең үздік деген 12 спортшы шақырту алды. Араларында қазақстандық Бибісара Асаубаева да бар. Ол бүгінге дейін барлық кездесулерін сәтті өткізіп, турнир тізімінің 1-сатысында тұр. Соңғы турда қазақ қызы жергілікті Хампи Конермен жолығып, ойын тең нәтижемен аяқталды. Бибісара бұған дейін ресейлік Полина Шувалованы және үндістандық Харика Дронаваллиді сенімді ұтқан болатын. Соның арқасында жерлесіміздің еншісінде қазір 4,5 ұпай бар. Екінші орында 4 ұпаймен қытайлық Жу Цзинер келеді. Бүгін енді осы топ басындағы қазақ және қытай қыздары өзара мықтыны анықтайды. Нью-Дели қаласында дода 6-шы сәуірге дейін жалғасады. Осы аралықта жоғарыда айтқан 12 спортшы айналмалы жүйеде бір-бірімен кездесіп шығады. Негізгі бұл бәсекеге тағы бір қазақстандық Жансая Әбдімәлік те қатысуы керек еді. Бірақ, ол ұйымдастырушылардың жұмысына көңілі толмай, жарыс басталмай тұрып елге қайтып оралды.
Қазақстандық жасөспірім спортшылар әлем чемпионатында топ жарды
Қазақстан бірінші орында. Албанияның Дуррес қаласында ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. Жарыс жерлестеріміз үшін сәтті өтті. Әсіресе, ерлер арасындағы сында ұлттық құрама спортшылары 7 алтын, 2 күміс және 1 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға жайғасты. Ал, қыздар арасында 5-ші сатыдамыз. Қоржынымызда 3 күміс пен 1 қола бар. Атап айтқанда, алғашқы күндері Нұрасыл Арапбай мен Дарья Балабюк өз салмақ дәрежелерінде кіші қоладан жеңіп алды. Бірақ қоссайыс қорытындысы бойынша үздік үштікке ілікпеді. Артынша 73 келідегі Ерасыл Сәулебеков алдына жан салмай, әлем чемпионы атанды. Ол жұлқа көтеруде 137, ал, серпе көтеруде 168 келіні бағындырды. Әйелдер арасында орта салмақта өнер көрсеткен Таисия Алексеева да мүмкіндіктерін ұтымды пайданалып, күміс жүлдеге қол созды. Кейін оның жеңіс жолын Нұрдос Сабыр жалғады. Ауыр салмақтағы жерлесіміз қос жаттығуда, сәйкесінше, 145 және 176 келіні басынан асырып, күміске қол созды. Ал аса ауыр салмақтвағы Никита Абдрахманов қоссайыс қорытындысы бойынша 369 келіні көтеріп, әлем чемпионы атанды.
Таниева күміс жүлдегер. Болгария астанасы София қаласында қаласында көркем гимнастикадан әлем кубогі мәресіне жетті. Байрақты бәсекеге 28 мелден 50-ге жуық спортшы жиналған болатын. Араларынан қазақстандық Эльжана Таниева жеңіс тұғырына көтерілді. Ол ұршық, доп және таспамен жаттығуда финалға шыққан болатын. Әсіресе көркем гимнастиканың соңғы бағытында сәтті өнер көрсетіп, 30.900 ұпай жинады. Алтын медальді өзбекстандық Тахмина Икромова, ал қоланы бразилиялық Барбара Домингос еншілді. Бұдан бөлек, қазақ қызы ұршықпен жаттығуда 5-орыннан, ал доппен жаттығу додасында 6-орыннан табылды. Айта кетелік, Эльжана жақында өткен Гран-при турнирінен де үздіктер қатарынан көрініп, қола медаль иеленген болатын.
Талдықорғанда бес рекорд тіркелді
Бес бірдей рекорд тіркелді. Талдықорғанда жүзу түрлерінен Қазақстан чемпионаты аяқталды. Жылдың басты бәскесіне барлық аймақтан 200-ден аса спортшы жиналып, 4 күн бойы өзара мықтыны анықтаған болатын. Нәтижесінже Алмамты қаласының спортшылары жалпы есепте топ бастады. Үздік үштікке Ақтөбе мен Шымкент құрамалары кірді. Бұған қоса ішкі біріншілік аясында Әділбек Мусин қос қашықтықта Қазақстан рекордын жаңартты. Яғни 50 және 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзузе ең үздік нәтижені тіркеді. Бұған қоса Софья Сподаренко 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзузе, Ксения Игнатова 200 метрге арқалай жүзуде, ал Диана Тасжанова алыс аралыққа еркін әдіспен жүзуде рекорд жаңартты. Айта кету керек, Талдықорғанда жарыс қорытындысы бойынша ең жоғары нәтиже көрсеткен 6 спортшымыз Жапонияда өтетін әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік алды.