Павлодарда мәнерлеп сырғанаудан жарыс басталды
Ол оқушылардың XI республикалық қысқы гимназиядасы аясында ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».
Спорттық шараның салтанатты ашылуы мұз сарайында өтті. Сайысқа еліміздің 7 өңірінен 52 спортшы қатысып жатыр.
Бүгінде бекзат өнермен 200-ден аса оқушы айналысады. Олар 2 мұз айдынында жаттығады. Жуырда жергілікті атқарушы билік өкілдері тағы 2 мұз сарайының құрылысы басталатынын жария етті. Оның біреуі облыс орталығында, екіншісі Екібастұз қаласында бой көтереді.
Әсем Касанова, мәнерлеп сырғанаудан ҚР бас жаттықтырушысы:
- Спортшыларға өте қолайлы жағдай жасалғанын атап өткім келеді. Мұз сарайы көңілімнен шықты. Бұл осы спорт түрін дамытуға мүмкіндік береді және келешегінен үміт күттіретін спортшылар көп шығады деп ойлаймын.