Әбиба Әбужақынова дзюдодан әлемдік рейтингте алдыңғы бестікке енді
Әбиба алдыңғы бестікте. Халықаралық дзюдо федерациясы спортшылардың соңғы жетістіктерін саралап, әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды «Хабар 24».
Оған сәйкес жерлестеріміз арасынан ең тәуір көрсеткішке Әбиба Әбужақынова қол жеткізді. Ол 48 келіге дейінгілер арасында 5-ші тұр. Тізімге тағы бір қазақстандық Ғалия Тынбаева ілігіп, ол осы салмақ дәрежесінің 39-шы сатысына жайғасты. Басқа салмақтардағы алдыңғы 50-ліктен Севара Нышанбаева, Аруна Жангелдина, Камила Берликаш және Назгүл Маратова сиқяты қазақ қыздарын кездестіруге болады.
Ал ерлер арасында Мағжан Шамшадин мен Данияр Шамшаев 15-ші орынға тұрақтады. Мағжан 60 келіде, Данияр 73 келіде белдеседі. Ұлттық құрама үздігі Елдос Сметов – 23-ші орында. Ол жарақатында байланысты соңғы жарыстарға қатыспады. Бұдан бөлек, Ғұсман Қырғызбаев 24-ші, Жансай Смағұлов 21-ші, ал Дидар Хамза мен Нұрлыхан Шархан өз салмақтарында 24-ші сатыдан табылды.