Еліміздің делегациясы Франциядағы Олимпиада қалашығын көріп қайтты

Францияда өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада ойындарына дайындық барысы қыза түскен.

Арнайы спортшылар қалашығының құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 

Еліміздің Мәдениет және спорт министрлігінің делегациясы дода өтетін орындарды аралап көрді. Дайындық барысына көз жеткізді. 

2024 жылы жазғы Олимпиада ойындары Парижде, мына арнайы салынған қалашықта ұйымдастрылады. Ерекшелігі сол, ойын тарихында алғаш рет Олимпиада жарыстары бір жерде өтетін болды. Яғни бұрынғыдай спортшылар түнейтін қонақүйлеріне қатынап жүрмейді. Бұл жерде тәулік бойы жұмыс істейтін мейрамханалар, спорт алаңдары, медициналық орталықтар салынып жатыр. 3 бөлмелі пәтерге 6 спортшыдан орналастырылады. Осылайша әр ұлттық құрамаға  жеке- жеке кешен бөлінеді.  

Асхат Оралов, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Ең алдымен өзіміздің қазақстандық спортшыларымызға қолайлы жағдай жасау - біздің міндетіміз. Сол үшін арнайы құрылыс алаңына, қонақ үйлеріне келіп, логистикалық тұрғыдан, жалпы, стадиондар мәселесі, жаттығу мәселесін пысықтадық. Және 1 жылдың ішінде қолайлы жағдай жасауға тырысып келеміз. 

Осылайша, Парижге арнайы келген қазақстандық делегация спортшылардың қай жерде тұрақтайтынын, оның жаттығу залына дейінгі қашықтығын, жарыс өтетін алаңды зерттеуде. Олимпиада ойындарын ұйымдастырудың үздік үлгісімен де танысты.

Жен-Марион Ле Поль, олимпиадалық нысандарды салу компаниясы бас директорының орынбасары:

- Бұл жерді экоауыл деуге болады. Өйткені біз көміртегінің шығуын екі есе азайтуға мүмкіндік беретін материалдарды қолдандық. 52 гектар ауыл 14 мың спортшыны қабылдауға қауһарлы. Бұл Олимпиададан кейін де пайдалы аймаққа айналады. 2025 жылға қарай 6 мың тұрғын қоныстанады деп ойлаймыз. Одан бөлек Олимпиада кезінде ашылатын 6 мың жұмыс орны да әрі қарай сақтала бермек. 

Дзюдо және каратэ спорт түрлері бойынша қазақстандық құрама мүшелері француз кеңесшілерінің қатысуымен жаттығуды бастап кетті. 

Сымбат Ғалымжанқызы, Әлия Сыздықова