Дзюдодан кадеттер мен жасөспірімдер арасында Азия кубогі басталды
Алматыда дзюдодан кадеттер мен жасөспірімдер арасында Бекет Махмұтовты еске алуға арналған Азия кубогі басталды.
Бұл спорттық шара 2017 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Биыл оған Грузия, Греция, Латвия, АҚШ, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан сияқты шет елдерден 700-ге тарта дзюдошы қатысып жатыр. Алғашқы жарыс күнінде ұлдар жағы 50-ден 73 келіге дейінгі, қыздар 40-тан 57 келіге дейінгі салмақ дәрежелерінде өзара мықтыны анықтады. Алдағы уақытта турнирді ұйымдастырушылар Бекет Махмұтовқа арналған Азия Кубогін жыл сайын өткізуді жоспарлап отыр. Спорт додасы үш күнге жалғасып, жеңімпаздар 9-шы сәуір күні белгілі болады.
Мухсин Нұртазин, Қазақстан дзюдо федерациясының рефери директоры:
-Мұнда халықаралық федерация екінші жыл семинар өткізіп жатыр. Сол семинарда төрешілер экзамен тапсырып жатыр. Сондықтан бұл турнирдің сондай ерекшелігі бар. Турниріміз жоғары деңгейде өтеді, деп сеніп жатырмыз. Ана жылдары өзіміздің ғана Орта Азия болушы еді. Енді Еуропадан, Америкадан келіп жатыр. Жапониядан да келіп жатыр.