ЧЛ: «Реал» «Челсиді» жеңді
Футболдан УЕФА чемпиондар лигасының кезекті жарыс күні де тартысқа толы болды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Әсіресе шриек финал аясында мадридттік және лондондық клубтар «Сантьяго Бернабеу» стадионында жолыққан болатын. Есеп 21-ші минутта ашылды. Ең бірінші болып Кәрим Бензема мүмкіндігін сәтті пайдаланды. Екінші кезеңде «Реал» сапындағы Марко Асенсио та мергендігімен көзге түсіп, таблодағы нәтижені еселеді.
Айта кету керек, Асенсио ойын ортасында жасыл алаңға шығып, қарсыластар қақпасының осал тұсын тапты және аталған көрсеткіш бойынша чемпиондар лигасының рекордын жаңартты. Оның еншісінде осындай 9 гол бар. Матчтың өзі 2:0 есебімен аяқталды. Енді қос команда 18 сәуір күні қарымта матч өткізіп, жартылай финал жолдамасын сарапқа салады. Сонымен қатар чемпиондар лигасының ширек финалы аясында параллель италиялық Милан мен Наполи командалары да жолыққан болатын. Бұл матч 1:0 есебмен аяқталды. Жалғыз голды миландық клуб сапындағы Исмаэлем Беннасе соқты.