Шахматтан әлем чемпионаты: кезекті партия тең аяқталды
Кезекті партия тең аяқталды. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Қос мықты 1 күндік демалыстан кейін қайтадан жарыс алаңына оралды.
Айта кетейік, бұған дейін 2 кездесу ұйымдастырылып, алғашқысы тең, одан кейінгісі ресейлік спортшының жеңісімен біткен еді. Үшінші кездесуде де жеңімпаз болмады. Ян ақ түсті, ал Дин қара түсті фигуралармен ойнады және 30-шы жүрістен кейін толық тоқтатылды. Кездесу 3,5 сағатқа созылды. Осылайша, әзірге 2:1 есебімен Ян Непомнящий алда тұр. Қос шахматшы дәл осылай 14 мәрте жолығады. Негізгі бәсекеге параллель әртүрлі семинарлар мен жарыстар өткізу жоспарланып отыр.
Айта кетейік, бұл жарысқа 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты дүбірлі додаға келмеді.