Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр
Қоржынымыз қос алтынмен толықты. Астанада күрес түрлерінен Азия чемпионаты жалғасып жатыр және жарыстың кезекті күні еркін күрес шеберлері бәсекені бастады.
Жерлестеріміз арасынан алдымен Санжар Досжанов барлық қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, құрлықтық доданың жеңімпазы атанды. Санжар финалда өзбекстандық Зафарбек Отахоновты жеңді. Оның алдында дәл осылай Қорея, Иран және Қырғызстан палуандарын да жеңді.
Айта кету керек, 70 келіде белдескен Санжар үшін бұл халықаралық жарыстардағы алғашқы ірі жеңісі. Кейін оның жеңіс жолын 79 келідегі Болат Сақаев жалғады. Ол да финалда өзбекстандық спортшымен жолығып, сенсациялық жеңіске жетті. Өйткені, Бекзод Абдурахмонов бұған дейін олимпиада ойындары мен әлем чемпионаттарында талай топ жарған тәжірибелі палуан. Соған қарамастан Болат жеңісті жұып алып, ел қоржына 5-ші алтынды салды. Бұған дейін әйелдер арасындағы бәсекеде де 2 алтын еншіледік. Яғни, Эльмира Сыздықова мен Жәмиля Бақбергенова чемпион атанған болатын. Ал классиктер бәсекесінде тағы бір қазақстандық Ибрагим Магомaдов алтынға қол созды. Азия чемпионаты бүгін де жалғасын табады. Бозкілемге тағы да еркін күрес шеберлері шығып, ең соңғы 5 медаль жиынтығын сарапқа салады.