Теннистен Қазақстан құрамасы финалға шықты

Теннистен Қазақстан құрамасы финалға шықты

Теннистен Қазақстан әйелдер құрамасы Билли Джин Кинг кубогының финалдық кезеңіне шықты.

Астанада өтіп жатқан кездесудің алғашқы матчында Елена Рыбакина Магда Линетті 6-4, 6-2 есебімен жеңді. Осылайша, оның жеңісі Қазақстан құрамасына турнирдің финалдық кезеңіне мерзімінен бұрын шығуға мүмкіндік берді. Енді біздің теннисшілер қараша айында турнир кубогы үшін додаға түседі.