Волейболдан БАҚ арасындағы чемпионат мәресіне жетті
Волейболдан бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы чемпионат мәресіне жетті.
Жарысқа елдегі тілшілер қауымынан құралған 8 команда қатысты. Маусымның бас жүлдесін бұл жолы «Atameken Business» телеарнасы еншіледі. Олар финалда «Қазмедиа орталығының» командасымен сайысқа түсті. Ал «Хабар» телеарнасы мен «7-арна» командасы арасындағы ойын нәтижесінде «7-арна» ойыншылары қола жүлде иегері атанды. Айта кетейік, БАҚ өкілдері арасындағы волейболдан шағын біріншілік осымен төртінші рет ұйымдастырылды.
Әнуар Карбозов, жеңімпаз / ATAMEKEN BUSSINES /:
- BAQ LEAGUE-да осымен төртінші рет ойнап келе жатырмыз. Atameken bussınes командасы алғашқы екі маусымда өкінішке орай жүлдері орында көріне алмадық. Ал үшінші маусымда 7-арнамен финалда жолықтық. Өте тартысты матч болды. Биыл жеңіс тұрыныған көрініп жеңімпаз болу мақсатымыз болды. Сол мақсатымызды орындай алдық.