Талдықорғанда жасөспірімдер арасындағы спорттық жарыс өтіп жатыр. LIVE
Еліміздегі ең мықты спорт мектебі мен колледжі. Жасөпірімдерді жаттықтыратын мекемелер Талдықорғанда осындай атақты сарапқа сала бастады.
Мәдениет және спорт министрлігінің кубогын иеленуге 17 спорт мектебі мен колледждің оқушылары қатысып жатыр. Олар спорттың қанша түрінен сынға түседі?
Шыңғыс Қалиден, тілші:
- Жасөспірімдер жарысы осыған дейін еркін және грек-рим күресі, дзюдо мен бокстан ғана өткен еді. Ал осы жолғы турнирге алғаш рет таэквондо қосылды. Мұндай шешім әлемнің 6 дүркін чемпионы Мұстафа Өзтүрік негізін қалаған спортты дамыту мақсатында қабылданып отыр. Қазір менің ту сыртымда шығыс жекпе-жекті жанына серік еткендер өнер көрсетіп жатыр. Республикамыздың әр аймағынан келген 10 команда 5 салмақ дәрежесінде өзара мықтыны анықтайды.
Жастар спорт сарайының ең үлкен залында дзюдошылар күресіп, боксшылар да жұдырықтасып жатыр. Ал Өркен спорт кешенінде грек-рим және еркін күрес шеберлері белдесіп жатыр. 19 сәуір – іріктеу кезеңі. 20 сәуір – бір күндік демалыс. Ал одан кейін жартылай финал және финалдық жекпе-жектер өтеді. Командалар 4 топқа бөлініп, айналмалы жүйе негізінде сынға түседі. Жарысты 60-тан аса төреші бақылап, әділ өтуіне атсалысып жатыр. Солардың қатарында Ғазиз Хамитұлы да бар.
Ғазиз Серікбаев, ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының басқарма басшысы:
- Жас дарындарға жол ашып, спорт мектептері арасындағы бәсекелестікті арттыруға бағытталған жарыс сенбі күні аяқталады. Жеңімпаз атанған команда министрліктің кубогын иеленеді. Үздік үштікке 10 млн теңге табыс етіледі.