ЧЛ: «Интер» жартылай финалға шықты

ЧЛ: «Интер» жартылай финалға шықты

«Интер» де жартылай финалға шықты. Миландық клуб чемпиондар лигасы аясындағы кезекті матчын өз алаңында өткізді.

Ал қарсыласы -португалиялық «Бенфика». Ойын аса тартысты өтті және оның барысында 6 бірдей гол соғылды. Бірінші кезеңде тараптар бір-бір мәрте мергендігімен көзге түсті. 14-ші минутта Николо Барелла алаң иелерін алға шығарса, 38-ші минутта Фредрик Эурснес таразы басын теңестірді. Ал екінші кезеңде Лаутаро Мартинес пен Хоакин Корреа таблодағы нәтижені 3:1-ге жеткізді. Бірақ, қонақтар таразы басын теңестіріп үлгерді. Алдымен Антонио Силва мергендігімен көзге түссе, ең соңғы минутта Петар Муса да мүмкіндігін мүлт жібермеді. Қорытынды есеп: 3:3. Ал Лиссабон қаласындағы алғашқы матчта 2:0 есебімен Интер жеңді. Енді Интер жартылай финалда «Милан» клубымен кездеседі.