Еліміз Парижде джиу-джитсуден екі алтын алды
Парижде джиу-джитсудан "Үлкен дулыға" турниріне қатысқан қазақстандық спортшылар үлкен жетістікке жетті.
Жарыста 23 елдің мықтылары күш сынасты. Бұл турнир алдағы Азия ойындары мен әлем чемпионатына қызу әзірленіп жатқан ұлттық құрама үшін маңызды сайыс. Біздің командадан Самат Сәрсенұлы мен Мансұр Хабибулла жеңіс тұғырына көтерілді. Ал Ғибрат Әмірше күмістен алқа тақты. Жалпы еліміздің спортшылары ерекше назарда болды, себебі Қазақстан джиу-джитсу бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі.
Қуат Сағиев, джиу-джитсудан ұлттық құраманың бас бапкері:
- Бізде бұл джиу-джитсу қарқынды дамып жатыр. Өйткені біздің қазақ баласы жауынгер ғой. Осындай жауынгерлік өнер біздің қазақ баласына тез жағады, тез қабылдайды. Сондықтан джиу-джитсудың біздің Қазақстанға келгеніне 10 жыл болған жоқ, бірақ та Қазақстан қазір әлемде мықты үштіккке кіреді.
Самат Сәрсенұлы, жарыс жеңімпазы:
- Осы енді Еуропаға жарысқа алғаш келуім. Үлкен тәжірібе алдым. Аллаға шүкір. Осындай нәтиже көрсетіп отырғаныма.