Ресей мен Қытай шахматшыларының арасындағы партия тең аяқталды
Әлем үздіктерінің шеберлік сағаты.
Астанаға апалы-сіңілі Авериналар келіп, жас бүлдіршіндермен жаттығу өткізді. Айта кетейік, Дина Аверина - 18 дүркін әлем чемпионы. Тіпті 4 мәрте абсолютті чемпион атанды. Бұған қоса 2020 жылғы олимпиадада күміс жүлдеге қол созды. Ал Арина Аверина 5 мәрте әлем чемпионатында топ жарды. Сонымен қатар дүниежүзілік доданың 6 рет күмісін мен 5 рет қоласын жеңіп алған. Ресейлік көркем гимнастика шеберлері елордада 2 күн бойы мастер-класс өткізді. Оған жергілікті және еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған қыздар қатысты. Тіпті дәл осы шараға Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан арнайы келген ата-аналар мен балалар да бар. Бұндай сабақтар балалардың шеберлігін одан сайын шыңдауға және болашақ чемпиондарды қазірден дайындауға керемет мүмкіндік дейді мамандар. Сондықтан алдағы уақытта жиі болса деген тілектерін жеткізді.
Жастар арасындағы чемпионат жанданды. Астанада баскетболдан ішкі біріншіліктің алғашқы туры өтті. Оған 14 аймақтың командалары жиналып, 7 күн бойы өзара мықтыны анықтады. Айта кетейік, ішкі біріншілік 21 жасқа дейінгілер арасында ұйымдастырылды. Сәйкесінше бұнда ең үздік деген жасөспірімдер мен жастар жиналды. Тіпті араларында кәсіпқой клубтың қатарына қосылып, жоғарығы лигада ойнайтын баскетболшылар бар. Олар алғашқы турда айналмалы жүйеде бір-бірімен ойнап шықты. Енді дәл осындай форматта тағы 2 кезең өтеді. Ал шешуші, яғни 4-кезеңге плей-оффқа шыққандар қатысып, жарыс жеңімпазын анықтайды. Бұндай бәсеке өскелең толқынның шеберлігін шыңдау және тәжірибесін шыңдауға жақсы мүмкіндік дейді мамандар. Бұған қоса жыл өткен командалар арасындағы бәскелестік те артып келеді.
Иван Гайна, баскетболдан мемлекеттік жаттықтырушы:
- Қазақстан чемпионаты Астанада алғаш рет өтіп тұр. Бәсекелестік өте жоғары. Әсіресе Алматы, Павлодар және Қостанайдан келген командалар жалпы есепте топ бастады. Бұған қоса, жарысқа 16 жасқа дейінгі ұлттық құраманы қостық. Олар осы жерде шеберліктерін шыңдап, алдағы Азия кубогына дайыднқытарын пысқытайды.
Аймақ үздіктері Өскеменге жиналды. Шығыс Қазақстан облысында дзюдодан спорт шебері Дәурен Исахановты еске алуға арналған турнир өтті. Ашық форматтағы жарысқа жергілікті спортшылардан бөлек, Түркістан және Абай облысының дзюдошылары да арнайы келді. Бас-аяғы 500-ге жуық өрен 4 жас деңгейі бойынша өзара мықтыны анықтады. Яғни алғашқы жарыс күні татамиге 10 және 11 жастағы жеткіншектер шықса, екінші күні 12 және 13 жастағы жасөспірімдер белдесті. Бұндай бәсеке аймақтағы балалар үшін әсіресе аудандар мен аулыдардан келген қатысушылар үшін керемет мотивация дейді ұйымдастырушылар. Сондықтан оны тұрақты өткізу жоспарланып отыр. Сәйкесінше алдағы уақытта жарыстың ауқымы мен қатысушылар санын артыру көзделеді.
Кезекті партия тең аяқталды. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр. Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салуда. Қос мықты бүгінге дейін 10 мәрте кездесіп үлгерді. Соңғы партияда Дин Лижэнь ақ түсті фигуралармен ойнады. Сәйкесінше, ресейлік спортшы көбіне қорғанысқа көңіл бөлді. Нәтижесінде тараптар тең түсіп, бір ұпайды өзара бөлісті. Ал жалпы есепте Ян 1 ұпаймен алда келеді. Енді тағы осындай 4 кезең бар. Яғни қос шахматшы өзара 14 мәрте жолығуы қажет. Егер тең түсіп жатса плей-офф ұйымдастырылып, рапид бойынша мықтыны анықтайды. Айта кетейік, бұл жарысқа 16-әлем чемпионы Магнус Карлсен де қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты, дүбірлі додаға келмеді.