Бокстан әлем чемпионатына ұлттық құрама жасақталды
Тура бір аптадан кейін Ташкентте бокс жанкүйерлері асықға күтіп жүрген әлем чемпионаты басталады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Осыған байланысты ел намысын қорғайтын жігіттердің тізімі жарияланды.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 салмақ дәрежесінде өтеді және барлығында да жерлестеріміз бағын сынайды. Әсіресе ең жеңіл салмқатағы Санжар Тәшкенбай, 60 келідегі Талғат Сырымбетов, 67 келідегі Дулат Бекбауов және 86 келідегі Сағындық Тоғамбайлар алғаш рет ересектер арасындағы дүниежүзілік додаға қатыспақ. Қалған спортшылар бұрынан өнер көрсетіп жүр. Тіпті араларын жүлдеге ілігіп, топ жарғандары да бар. Яғни, Сәкен Бибосынов, Махмұд Сабырхан, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Асланбек Шымбергенов, Нұрқанат Райыс, Нұрбек және Айбек Оралбайлар шаршы алаңға шығады. Ал аса ауыр салмқата Қамшыбек Қоңқабаев жұдырықтасады.
Байрақты бәсеке мамырдың 1-і мен 14-і аралығында болады және оған 104 елден 600-ден аса боксшы қатысады деп күтіліп отыр.
Айта кетейік, осыдан 2 жыл бұрын Сербияда өткен әлем чемпионда жерлестеріміз 2 алтын, 2 күміс және 1 қола жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 2-ші орынға тұрақтаған еді.