Астанада шахматтан әлем чемпионаты жалғасып жатыр
Кезекті партия тең аяқталды. Астанада классикалық шахматтан әлем чемпионы анықталып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».
Бас жүлдені ресейлік Ян Непомнящий мен қытайлық Дин Лижэнь сарапқа салып жатыр. Қос мықты бүгінге дейін 11 мәрте кездесіп үлгерді. Соңғы партияда Ян ақ түсті фигуралармен ойнады. Сәйкесінше басымдық қолында болған. Бірақ оны ұтымды пайдалана алмады. Кездесу 1,5 сағатқа созылып, 39-шы жүрістен кейін ойын толық тоқтатылды. Нәтижесінде тараптар бір ұпайды өзара бөлісті.
Қазір жалпы есеп: 5:6. Ресейлік спортшы 1 ұпаймен алда келеді. Енді тағы осындай 3 кезең ұйымдастырылады. Яғни, қос шахматшы өзара 14 мәрте жолығуы қажет.
Айта кетейік, бұл жарысқа 16-шы әлем чемпионы Магнус Карлсен де қатысып, өз атағын қорғауы қажет еді. Бірақ ол халықаралық федерациямен арадағы кикілжіңге байланысты дүбірлі додаға келмеді.